Көкшетауда 300 миллион теңгенің алаяқтық ісі тергелуде

Көкшетауда 300 миллион теңгенің алаяқтық ісі тергелуде

Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті ЖШС-нің бірінің ақшалай қаражатының ұрлығымен байланысты бұрын жасалған алаяқтықты ашты.
Бастапқыда полицияға 77 миллион теңге көлемінде залал келтірілгені туралы арыз түскен. Қосымша тергеу барысында заңсыз әрекеттің тағы үш эпизоды анықталды. Нәтижесінде келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгені құрады.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2024 жылдың басынан 2025 жылға дейін газ сату саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорынның ақшалай қаражаты алдау арқылы ұрланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-нің 35 жастағы бұрынғы директоры мен шоттарына ақша аударылған Астана қаласының 38 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы барын анықтады.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полицейлер кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын әсіресе қызметкерлерді қаржылық және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарға тағайындау кезінде кадрларды мұқият іріктеуге және тексеруге жауапкершілікпен қарауға шақырады.