
"Қарасора-2026" жедел-профилактикалық операциясы аясында Жақсы ауданының полиция бөлімінің КПБ қызметкерлері Қийма ауылында жедел іс-шаралар өткізді.
Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 1969 жылы туған азамат анықталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Киров көшесіндегі жеке учаскені тексеру кезінде полицейлер 75 қарасора бұтасын тауып алып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.