
Ағымдағы жылдың 9 маусымында түнгі уақытта Степногорск қаласында шағын аудандардың бірінде жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі басқару басқыштарын шатастырып, тежегіштің орнына газ басқышын басқан, нәтижесінде көлік құралына ие бола алмай, тұрғын үйлердің бірінің бетон тірегімен соқтығысқан.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдады. Жүргізуші медициналық куәландырудан өтіп, оның нәтижесі бойынша мас болу белгілері анықталмады. Әйелге қатысты көлік құралына және өзге де мүлікке зақым келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полицейлер жүргізушілерді рульде өте мұқият болуға, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.