
Патрульдік полиция қызметкерлерінің атына алғыс сөздер әлеуметтік желісінде жарияланған.
31 мамыр күні кешкісін кішкентай бала есінен танып қалған. Баланың ата-анасы жедел жәрдемді күтпей ұлын ауруханаға өз бетінше жеткізбек болған. Алайда тығыз көлік ағыны мен кептелістер қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтірген.
Патрульдік экипаж көлігін көрген ата-ана көмек сұраған.
Әйелдің сөздері бойынша, 31 мамыр күні кешке оның бір жасар ұлы құлап, есінен танып қалған. Ата-ана баланы дереу өздері ауруханаға апармақ болған, бірақ жолдардағы қарқынды қозғалыс көп уақытты алған.
Патрульдік экипажды көрген отбасы полицейлерден көмек сұрады. Жағдайдың маңыздылығын бағалаған полиция қызметкерлері автокөлікті облыстық балалар ауруханасына дейін жылдам әрі қауіпсіз ілестіріп апарған.
"Полиция аға лейтенанттары Аманжол Мұратов пен Ерік Серәліге кәсібилігі, адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олардың көмегінің арқасында ұлым уақытында медициналық көмек алды", - деп жазды әйел.
"Ата-ана баланың есінен танып қалғанын айтқан кезде, біз бірден уақыттың маңызды екенін түсіндік. Олар қатты қорқып тұрды, әрине түсінікті жағдай. Мұндай сәттерде лауазымдық міндеттерді емес, тек уақытында көмектесуді ойлайсың және қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысасың. Біз үшін ең маңыздысы баланы мүмкіндігінше тезірек дәрігерлерге жеткізу болды. Баланы дәрігерлерге уақытында апарып үлгергенімізге қатты қуандық", деп бөліседі полиция аға лейтенанты Ерік Серәлі.