Әйел абыржып, үнемі телефонмен сөйлесіп отырды: банктің қырағы менеджері Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың алдын алды

Әйел абыржып, үнемі телефонмен сөйлесіп отырды: банктің қырағы менеджері Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың алдын алды

Щучинск қаласында "Home Credit Bank" АҚ ("ForteBank" АҚ ЕБ) менеджері Жұлдыз Баймағамбетова банк клиентіне қатысты алаяқтықтың алдын алды.
Несие беру кезінде қызметкер әйелдің күдікті мінез-құлқына назар аударды: клиент айтарлықтай қобалжып, жауаптарымен шатастып, белгісіз адамдармен телефон арқылы үздіксіз сөйлесе берді. Әңгіме барысында оның әрекетін алаяқтар үйлестіргені анықталды.
Интернет алаяқтық әрекетке күдіктенген менеджер болған оқиға туралы дереу "102" арнасына хабарлап, полиция қызметкерлерін шақырды. Оның жедел іс-қимылдарының арқасында 4 000 000 теңге мөлшерінде несиені ресімдеудің жолы кесілді.
Полицейлер Жұлдыз Баймағамбетова бірнеше рет қырағылық танытып, мұндай қылмыстардың алдын алуға көмектескенін атап айтады. Оның кәсібилігі, ұқыптылығы және жұмысқа жауапкершілікпен қарауы интернет-алаяқтық фактілерін уақтылы анықтауға және азаматтарды қорғауға ықпал етеді.
Полицейлер Жұлдыз Нұркенқызына азаматтық жауапкершілік пен алаяқтықтың алдын алуға көмектескені үшін алғыстарын білдірді.
Құқық қорғау органдары банк қызметкерлерін клиенттердің мінез-құлқына мұқият болуға шақырады. Күдіктің себебі несие беру кезінде үнемі телефон арқылы сөйлесу, күйгелектік, шатасу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындау болуы мүмкін. Уақтылы іс-әрекет алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың ақшасын сақтап қалуға көмектеседі.