Бурабайдағы рейд: полиция мен ұлттық парк инспекторлары бұзушылықтарды анықтады

Бурабайдағы рейд: полиция мен ұлттық парк инспекторлары бұзушылықтарды анықтады

"Таза Қазақстан" аясында өткен демалыс күндері "Бурабай" ұлттық табиғи паркінің аумағында полиция қызметкерлері МҰТП инспекторларымен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасы, жол қозғалысы ережелері және заңсыз кәсіпкерлік бұзушылықтарының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Демалыс және мереке күндері туристердің үлкен ағынына байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, тұрақ ережелері бұзушылықтарының және көліктің орман алқабына кіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды.

Рейдтік іс-шаралар кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 30-ға жуық бұзушылығының жолын кесті.

Бұзушылықтардың қатарында-орман аймағына автокөліктердің кіруі. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер ұлттық саябақтың топырағына, өсімдіктеріне және экожүйесіне зиян келтіреді.

Рейд барысында Абылай хан алаңында заңсыз кәсіпкерлік фактілері де анықталды.

Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары бір күнде бес азаматты жауапқа тартты.

Аумақтың ластануы жеке мәселе болып қала береді. Күн сайын танымал туристік аймақтарды тазарту нәтижесінде мамандар шамамен 50 текше метр қоқыс шығарады.

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінің полицейлері мен қызметкерлері демалушыларды ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу ережелерін сақтауға және заңнаманың бұзылуына жол бермеуге шақырады.