Көкшетауда ер адам бірден екі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Көкшетауда ер адам бірден екі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Көкшетау қаласында полицейлер бірден екі қылмыс- көлікті ұрлап әкетті және ұрлық жасады деген күдікке ілінген адамды ұстады.
2026 жылдың 7 мамырында сағат 00:26 шамасында Сағдиев көшесінен Toyota Camry көлігі ұрланған. Кілт көліктің салонында қалған. Хабарлама келіп түскеннен кейін бағдарлау қаланың барлық патрульдік экипаждарына дереу берілді.
Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері Абай мен Пушкин көшелерінің қиылысында көлікті тауып алды. Алайда жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, жасырынуға тырысты.
Қуғын қала сыртында жалғасты. Астана-Петропавл автожолының 308-ші шақырымында, "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС ауданында күдікті рульді басқаруды жоғалтып, жол жиегіндегі қоршаумен соқтығысқан. Осыдан кейін ер адам ұсталды.
Одан әрі мән-жайды анықтау барысында полицейлер ұсталған адамның тағы бір қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген болжам жасады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 мамырда сағат 23:00 шамасында Көкшетау қонақ үйлерінің бірінің жанында ол УАЗ маркалы автокөлікке кіріп, кілттер жиынтығын ұрлап кеткен болуы мүмкін.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ұстау кезінде ер адамның мас күйінде болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді: кілттерді көлік салонында қалдырмау және мүлікті сақтау үшін қосымша шаралар қолдану.