Көкшетауда дүкен иелері кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқаны үшін жазаланды

Көкшетауда дүкен иелері кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқаны үшін жазаланды

"Заң және тәртіп -қауіпсіз балалық шақтың кепілі" аясында Ақмола облысының полицейлері жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша іс-шараларды жалғастыруда.
"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында жұмыстың осы бағытына ерекше назар аударылды.
Көкшетауда учаскелік инспекторлар кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін заңсыз сату фактілерінің жолын кесті.
Пайда табу мақсатында екі азық-түлік дүкенінің иелері заңнаманың талаптарын елемеді, сөйтіп әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру қорытындысы бойынша екі сауда нүктесінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясы лицензияның қолданылуын тоқтата тұра, әкімшілік айыппұлды көздейді.
"Құқықтық тәртіп" іс-шарасының үш күнінде өңірде осындай 12 фактінің жолын кесті. Бұл кәсіпкерлер мен дүкен қызметкерлері тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Сонымен қатар, түнгі рейдтер аясында полиция қызметкерлері ересектердің сүйемелдеуінсіз көшелер мен ойын-сауық орындарында болған 88 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты балаларды тәрбиелеу және бақылау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік материалдар құрылды.
Құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларының бос уақытына көбірек көңіл бөлуге шақырады. Өңірде профилактикалық іс-шаралар жалғасатын болады.