Ақмола облысының тас жолында такси жүргізушісі есірткілік мас күйде ұсталды

Ақмола облысының тас жолында такси жүргізушісі есірткілік мас күйде ұсталды

15 сәуірге қараған түні "Астана – Атбасар – Жақсы" автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. Полицейлердің қырағылығының арқасында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылығының алды алынды.
Қызмет атқару барысында Әділбек Утегенов пен Әуез Елубай құрамындағы 3 взвод экипажы Toyota Alphard автокөлігіне назар аударды. Құжаттарды тексеру мақсатында көлікке тоқтау бұйрығы берілді.
Жүргізушімен әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері мас күйді көрсететін ерекше иіс сезді. Ер адам дереу медициналық куәландыруға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткі қолданып, көлік жүргізгені анықталды. Бұл оқиғадағы алаңдаушылық тудыратыны көлік ішінде жолаушының болуы— таксист Астанадан Қостанайға қалааралық сапарды жүзеге асырған.
Полицейлердің уақтылы және кәсіби әрекеттері жол-көлік оқиғасының алдын алуға және адам өмірін сақтауға мүмкіндік берді.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, ол көлік құралын басқарудан шеттетілді. Автокөлік Атбасар қаласының мамандандырылған тұрағына қойылды.
Бұл факт бойынша полицейлер тергеу жүргізуде.
Мас күйде көлікті басқару — ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі, бұл көбінесе ауыр апаттарға әкеледі. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы күн сайын өңір жолдарындағы осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.