Полицейлер Ақмола облысы ауыл тұрғынынан қару арсеналын тәркіледі

Полицейлер Ақмола облысы ауыл тұрғынынан қару арсеналын тәркіледі

Ақмола облысында "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде Бұланды ауданының ауылдарының бірінде жергілікті тұрғыннан қару-жарақ арсеналы табылып, тәркіленді. Оның ішінде аңшылық мылтық, иір ойықты қаруы, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық бар.
Сонымен қатар, полицейлер түрлі калибрлі патрондарды, сүңгі-пышақты, нысаналық көздеуді және қаруға жататын өзге де заттарды тәркіледі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тәркіленген қарудың шығу тегін, сондай-ақ оны сақтау мақсаттарын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылады.
Полиция департаменті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Осыған байланысты азаматтарға тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруға кеңес беріледі.