
"Мигрант" жедел – алдын алу іс-шарасы шеңберінде Бұланды ауданының аумағында полиция қызметкерлері 2023 жылғы қарашадан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген көрші елдің азаматын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта екі мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажетті тергеу рәсімдері жүргізілуде.
"Мигрант" жедел – профилактикалық іс-шарасы өңір аумағында 17 наурызда басталды. Оның мақсаты-шетелдік азаматтар мен қазақстандықтар тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу. Рейдтік іс-шараларды өткізу үшін ведомствоның бейіндік қызметтерінің қызметкерлері қатарынан арнайы мобильдік топтар құрылды.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 150-ден астам бұзушылықтар жойылды, 89 шетелдік азамат, сондай-ақ 51 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды.
17 қазақстандық шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жазаланады.
Полицейлер азаматтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасын сақтауды талап етеді.