
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Көкшетауда кешкі патрульдеу кезінде қатты мас күйінде болған екі ер адамды ұстады.
Полицейлер қалалық кофеханалардың бірінің жанынан өтіп бара жатып екі адамға назар аударды. Патруль көмек ұсыну және мән-жайды анықтау үшін тоқтады.
Белгілі болғандай, ер адамдар мас болған. Олар полиция қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, агрессивті әрекет етіп, құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.
Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер арнайы құралдар - кісендерді, сондай-ақ қоян-қолтық күресінің әдістерін қолдануға мәжбүр болды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Ер адамдар Көкшетау полиция басқармасына жеткізіліп, одан кейін медициналық айықтырғышқа жіберілді.
Жыл басынан бері Ақмола облысында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаудың 50-ден астам фактісі тіркелді.
Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтар үшін елеулі жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.