Ақмола облысының полицейлері кенді қайта өңдеу бойынша заңсыз ұсақтау цехын жойды

Ақмола облысының полицейлері кенді қайта өңдеу бойынша заңсыз ұсақтау цехын жойды

Оқиға орнында жедел уәкілдер құрамында алтын бар 55 қап матениал тәркіледі.

Полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің қызметкерлері кенді қайта өңдеу бойынша заңсыз ұсақтау цехының қызметін тоқтатты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Заводское кентінде құрамында алтын бар материал алу мақсатында кенді заңсыз өңдеу жүзеге асырылған жерасты цехы анықталды. Полицейлерлдің анықтамасы бойынша, заңсыз істі көрші Ақсу ауылының 21 жастағы тұрғыны ұйымдастырған.
Тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде кен өңдеу үшін пайдаланылатын мамандандырылған жабдық, оның ішінде ұсақтау аппараттары, жуу қондырғылары, электр қозғалтқыштары және өзге де техникалық құралдар табылды және тәркіленді.
Бұдан басқа, жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер ретінде құрамында алтын бар 55 қап материал тәркіледі. Қазіргі уақытта бағалы металдардың құрамын анықтауға және мемлекетке келтірілген залалдың мөлшерін анықтауға бағытталған бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, құқыққа қайшы қызметтің барлық мән-жайларын, сондай-ақ ықтимал қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.
Полицейлер құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын заңсыз өндіру, қайта өңдеу және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.