Ақмола полицейлері Ресей Федерациясында қылмыс жасаған қылмыскерді ұстады

Ақмола полицейлері Ресей Федерациясында қылмыс жасаған қылмыскерді ұстады

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында да, көрші мемлекеттерде де қылмыс жасаған қылмыскерлерді ұстады.
Аршалы ауданында полицейлер 2024 жылдың қазан айынан бастап ресейлік әріптестері іздеп жүрген фигурантты ұстады.
2024 жылы Қазақстан азаматы Ресей Федерациясының аумағында болған кезде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда күдікті жасырынып, Қазақстан аумағына оралған, ал Ресей ІІМ ММ Свердлов облысы бойынша іздеуде болған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаттарының бірі іздеуде жүрген адамдарды анықтап ұстау және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.
Іс-шараның екі күнінде Ақмола полицейлері 6 қылмыскердің және хабар-ошарсыз кеткен бір әйелдің орналасқан жерін анықтады.