Көкшетауда көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағынан алып кетуге тырысқан кезде жалған құжаттарды пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Көкшетауда көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағынан алып кетуге тырысқан кезде жалған құжаттарды пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Елеулі бұзушылық фактісі Көкшетау қаласы шығыс өнеркәсіп аймағы мекенжайында орналасқан мамандандырылған айыппұл тұрағы басқарушысының қырағылығының арқасында анықталды. Ер адам автокөлік құралын алып кетуге рұқсат етілген құжатты көрсеткен, алайда құжаттың түпнұсқалығы қызметкерлерде күмән туғызды.
Мән-жайды анықтау барысында полицейлер ұсынылған рұқсат қағаздың мөрі жалған екенін анықтады. Автокөлік мас күйде көлік құралын басқару үшін 2025 жылы арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап бұл көлік Ресей Федерациясының аумағында іздеуде екені белгілі болды.
Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Полицейлер жүргізушілерге мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдеріне жүгінбеуге шақырады. Заңды айналып өту әрекеттері заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеледі.