Бұрынғы ерлі-зайыптылардың жанжалы көлікті ұрлап әкету қылмыстық ісімен аяқталды

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың жанжалы көлікті ұрлап әкету  қылмыстық ісімен аяқталды

Ақмола облысында полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс туралы ақпарат Көкшетау қаласының полиция басқармасына келіп түсті: белгісіз адам KiaSoul маркалы автокөлікті ұрлап кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы Астанаға қарай бағытталуы мүмкін.
Тәртіп сақшыларының анықтамасы бойынша, оқиғаға көлік иесінің бұрынғы жұбайының қатысы болуы мүмкін, олардың арасындағы жанжал ұрлау қарсаңында болған.
Хабарлама түскеннен кейін бірден барлық патрульдік экипаждар мен іздеу бөлімшелері көлікті іздеуге бағытталды.
Көліктің белгілері жазылған жедел ақпарат дереу патрульдік полиция нарядтарына жолданып, қала және республикалық трассадан шығуда қосымша бақылау маршруттары қойылды.
Қызметтердің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде өз нәтижесін берді. Астана-Көкшетау автожолының 251 - ші шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатты.
Жүргізуші ұсталып, мән-жайларды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция жедел әрекет ету, бөлімшелердің өзара әрекеттесуі және іс-қимылдарды сауатты үйлестіру автокөліктің орналасқан жерін тез анықтауға және ықтимал салдардың алдын алуға мүмкіндік бергенін атап айтады.