Ақмола полицейлері — өңірлік полиция департаменттері арасында ІІМ XII спартакидасының жеңімпаздары

Ақмола полицейлері — өңірлік полиция департаменттері арасында ІІМ XII спартакидасының жеңімпаздары

Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірлік полиция департаменттері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII спартакидасының жеңімпаздары деп танылды. 2025 жылы өткізілген спорттық жарыстар мен турнирлердің қорытындысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізілді.
Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашевке жеңімпаз кубогы мен бірінші орын үшін дипломды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, "Динамо" ДШСҚ қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыс етті.
Спартакида аясында полиция департаментінің құрама командалары, сондай-ақ жеке біріншіліктерде өнер көрсеткен полицей-спортшылар түрлі жарыстарға қатысты. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысының өкілдері бірнеше рет құрмет тұғырына көтеріліп, жүлделі орындарға ие болып, жалпы есепте көшбасшылықты қамтамасыз етті.
XII Спартакиададағы жеңіс Ақмола облысының полиция қызметкерлері кәсіби қызметті спортпен белсенді айналысумен ұштастырып, жоғары жетістіктер көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанатындығының тағы бір дәлелі болды.