Ақмола полицейлері шетелдік студенттерге құқықтық кеңес берді

Ақмола полицейлері шетелдік студенттерге құқықтық кеңес берді

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің шетелдік студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған "Құқықтық дәріхана" акциясы өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Акцияға прокуратура және әділет органдарының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ Ақмола облысының көші-қон полициясының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында мамандар шетел азаматтарының ел аумағында болуына, тіркеу тәртібіне, визаларды ұзартуға, көші-қон режимін сақтауға, сондай-ақ оны бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жақын және алыс шет елдерден Қазақстанға оқуға келген студенттер ашық форматта өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті кеңестер ала алды. Шетелдік студенттердің құқықтарын қорғау, жұмысқа орналасу, құжаттарды ресімдеу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, қабылдаушы елдің заңдарына құрметпен қарауды қалыптастыруға және шетелдік студенттердің Қазақстан Республикасында оқуы мен тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.