Ақмола облысында бес келіден астам марихуана тәркіленді

Ақмола облысында бес келіден астам марихуана тәркіленді

Ақмола облысында Жақсы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.
Өткізілген іс-шаралар барысында жедел уәкілдер тыйым салынған заттарды сақтауға күдікті Жақсы ауылының 34 жастағы тұрғынын анықтады.
Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде полиция қызметкерлері өсімдік тектес есірткі-марихуананы тауып, тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 5,6 килограмды құрады, бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, есірткінің қайдан алынғаны анықталуда.
Полицейлер күдіктінің үйінде есірткінің көп мөлшерін қандай мақсатта сақтағанын анықтайды, сондай-ақ ықтимал қабылдау арналарын және осы қылмысқа қатысы бар адамдар тобын тексереді.
Полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде оларды ірі және аса ірі мөлшерде сақтау қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске салды. Өңір аумағында осындай қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.