
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты, Көкшетауда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және қатты аяздың құрбаны болуы мүмкін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған профилактикалық рейд жүргізілді.
Рейдтің бірінші күні учаскелік полиция инспекторлары қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлерімен, әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандарымен және «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Асхат Уаисовпен бірлесіп, осы санаттағы адамдардың болу орындарын тексерді. Мобильді топтар жылу желілерін, құдықтарды, тұрғын үйлердің кіреберістерін және қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын және қатты тоңу қаупі бар адамдар тұратын үйлерді — «притондар» деп аталатындарды тексерді.
«Біз ұзақ уақыт бойы сыртта жүрген, сыртқы түрі ұқыпсыз және ауа-райына бейімделмеген адамдарға назар аударамыз. Ақпаратты бей — жай қарамайтын азаматтар да жиі хабарлайды — мұндай сигналдарға біз дереу жауап береміз», - деп атап өтті Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Азамат Метаев.
Рейдке қатысушылардың айтуынша, бірінші кезекте мобильді топтар азаматтың жағдайын бағалайды. Қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады: мамандар шақырылады немесе адам медициналық мекеменің қабылдау бөлмесіне жеткізіледі.
Өкінішке орай, көбінесе осы санаттағы адамдар ұсынылған көмектен бас тартады. Мұндай жағдайларда полицейлер көшеде қатты аязда болу қаупін түсіндіре отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мәжбүрлеп жеткізу өмірге қауіп төнген кезде немесе адам дәрменсіз күйде болса ғана мүмкін болады.
Рейдтің бір күнінде әлеуметтік бейімдеу орталығына 10-нан астам адам жеткізілді. Олардың барлығына қажетті көмек көрсетілді, тамақ пен түнеуге арналған орын берілді. Қазіргі уақытта орталықта 20 үйсіз адам көмек алуда.
Айта кетейік, қыс мезгілінің басынан бастап Көкшетау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату мекемесіне 50-ге жуық адам жеткізілді. Оларға да қажетті көмек көрсетілді. Полицейлер қала тұрғындарын шетте қалмауға және адамдардың көшеде ауа-райының қолайсыздығы туралы дереу хабарлауға шақырады. Мүмкін сіздің қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалады.