Мас жүргізуші Көкшетауда жол апатын тудырды: полиция қылмыстық іс қозғады

Мас жүргізуші Көкшетауда жол апатын тудырды: полиция қылмыстық іс қозғады

"Қауіпсіз жол" жедел – алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол – көлік оқиғасын тудырған мас жүргізушіні ұстады.
Оқиға 19 қарашада тіркелді. Қиылыста "HondaCivik" маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына алда тоқтаған, жергілікті тұрғынның басқаруындағы "HyundaiTucson" автокөлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.
Апат болған жерге келген полиция қызметкерлері оқиға болған жерді тексеріп, екі көліктің жүргізушілерінен де сұхбат алды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, "HondaCivik" жүргізушісі басқару кезінде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Сонымен бірге, белгілі болғандай, ол бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған.
Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашадан бастап ақмола өңірінің аумағында "Қауіпсіз жол" жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Облыстың автожолдарында патрульдік жасақтар 1000-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті.