Екі өңірде жұмыс істеді: Көкшетауда курьер – дропперлер анықталды

Екі өңірде жұмыс істеді: Көкшетауда курьер – дропперлер анықталды

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының зейнеткерлерін оңтүстік астананың екі тұрғыны алдады. 18 жастағы жігіттер алаяқтық схемаға қатысып, зейнеткерлерден туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен "құтқаруға" арналған ақшаларын алғаны анықталды.
2025 жылдың жазында Көкшетау қаласында 75 жастағы қала тұрғыны осындай алаяқтықтың құрбаны болды. Егде жастағы әйел оның қызы жол-көлік оқиғасына тап болғаны және жағдайды шешу үшін қолма-қол ақша қажеттігі туралы хабарлаған алаяқтарға сенген. Қорыққан әйел алаяқтарға 5 000 000 теңге көлеміндегі жинағын беруге келісті. Сол күні оның үйіне белгісіз адамдар келіп, қолма-қол ақшаны пакетпен алып кеткен.
Қатысушылар дәл осындай қылмыстық әрекеттерді көрші Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жасағандары белгілі болды.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу СҚО әріптестерімен бірлесіп жүргізілуде. Жедел уәкілдер ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығын тексеруде.