Ақмола облысының полицейлеріне «Заң және тәртіп» цифрлық сервисі арқылы алғыс айтылды

Ақмола облысының полицейлеріне «Заң және тәртіп» цифрлық сервисі арқылы алғыс айтылды

Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғыны Николай Лионов «Заң және тәртіп» цифрлық сервисінің көмегімен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Пайдаланушы оның отбасы үшін қиын сәттегі Еркебұлан Турмагамбетов пен Тимур Ертаевтың жедел жұмысы мен мұқият қарым-қатынасын атап өтті. Ауыл тұрғынының айтуынша, полиция қызметкерлері үйден кетіп, оралмаған ерекше баласын іздеуде өтінішіне уақтылы жауап берді. Учаскелік инспектор Еркебұлан Турмагамбетовтың айтуынша, 12 жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат оған кешкі уақытта келіп түскен. Бала аутизммен науқас және ересектердің қарауынсыз бір минутқа қалған. Ұлының жоғалып кеткенін анықтағаннан кейін, ата-анасы өздігінен іздей бастады, содан кейін учаскелік инспектордың көмегіне жүгінді. Хабарламаны алғаннан кейін Еркебұлан Тұрмағамбетов пен кіші жедел уәкіл Тимур Ертаев бірден іздеу іс-шараларын жүргізуге кірісті.
Сонымен қатар, аға инспектор - кезекші Амирхан Каримов елді мекенде орнатылған бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізді. Құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала ауылдың шетінде қалың бұталарда табылды. Қорқып кеткен баланы полиция ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде баланың әкесі Каспи қосымшасындағы «Заң және тәртіп» цифрлық сервисін пайдаланып, іздеуді ұйымдастырған полиция қызметкерлеріне алғыс сөздерін жолдады.
Полиция департаментінде атап өткендей, «Заң және тәртіп» сервисі азаматтарға шағымдар мен өтініштерді қалдырып қана қоймай, полицияның жұмысы туралы оң пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұндай хабарламалар құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға көмектеседі және қызметкерлерді қызметтік міндеттерін адал атқаруды жалғастыруға ынталандырады.