
29 қазанда Ақмола облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінде күзет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Рәсім барысында жеке күзет құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Қатысушыларға күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ерлан Мұстафин құттықтау сөз сөйледі. Ол өңірде күзет құрылымдарының көмегімен 10 мыңнан астам пәтер мен жеке үйлерді, сондай-ақ 6 мыңнан астам түрлі мақсаттағы объектілерді күзету қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Күзет ұйымдарының қызметкерлері өз міндеттерін орындау кезінде кәсіби және жауапкершілікті көрсете отырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады, - деп қосты ол.
Іс-шара барысында күзет кәсіпорындарының қызметкерлері қырағылық танытып, қылмыс жасауға жол бермегендері атап өтілді.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 30 мамырда Көкшетау қаласының азық-түлік дүкендерінің бірінде жасалған ұрлықты ашуға қатысқан "Бастион-Көкше" ЖШС жеке күзет ұйымының қызметкерлері көтермелеуге ие болды.
Басқарманың ақпараты бойынша, 2025 жылдың басынан бастап Ақмола облысында күзет құрылымдарының қатысуымен 26 қылмыс ашылып, 774 құқық бұзушы ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, күзетілетін объектілерде 728 құқыққа қарсы іс-қимылдың алдын алынды.