Ақмола полицейлері жалған тіркеу нөмірімен автокөлікті басқарған жүргізушіні анықтады

Ақмола полицейлері жалған тіркеу нөмірімен автокөлікті басқарған жүргізушіні анықтады

Ақмола облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлігіне жалған тіркеу нөмірін орнатып, жол камераларын «басып озуға» тырысқан жүргізушіні ұстады.
Ақмола облысы ПД ППР 1-взводының командирі полиция капитаны Жангелді Алибековтің айтуынша мұндай жағдайлар өкінішке орай сирек емес:
«Кейбір жүргізушілер нақты нөмірлерді алып тастап, жалған нөмірлер қояды, камералар олардың бұзушылықтарын тіркемейді деп үміттенеді. Бірақ мұндай қулықтар ұзақ уақыт назардан тыс қалмайды», - деді ол.
Астана - Қарағанды - Алматы автожолының 1327-ші шақырымында патрульдеушілердің назарын астананың 27 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Camry автокөлігі аударды. Құжаттарды тексеру кезінде инспекторлар тіркеу нөмірі ресми базаларда жоқ екенін анықтады.
Жүргізуші Шымкенттен Астанаға барғанын және Балқашта жол камераларымен ықтимал бұзушылықтарды тіркемеу үшін түпнұсқа нөмірлерді жалған нөмірлерге ауыстырғанын мойындады. Оның айтуынша ол жерлеуге асығып, жылдамдықты асыра алатынын алдын ала түсінген.
Полиейлер ер адамға қатысты екі әкімшілік хаттама жасады - жалған тіркеу нөмірін орнатқаны және пайдаланғаны үшін.
Аршалы ауданының соты оны екі күнге бас бостандығын шектеуге және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жылға айыруға үкім шығарды.