
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлерімен "Құқықтық тәртіп" және "Қарасора-2025" Республикалық жедел - профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Щучинск қаласында елорданың 18 жастағы тұрғыны ұсталды, онда санкцияланбаған жеке тінту барысында күртешенің қалтасынан "мефедрон" психотроптық затымен 11 түйін табылып, тәркіленді. Жауап алу және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адамның телефоны арқылы орман алқабында психотроптық заттар салынған соңғы жасырын есірткі орнын жүзеге асыру фактісі анықталды. Дереу жедел-тергеу тобының шығуы жүзеге асырылды, олар Щучинск – Көкшетау айналма жолының бойындағы орман алқабында жерден "мефедрон" психотроптық затымен 55 түйін тәркіледі. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 64,33 грамм болып шықты. Ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 32 есірткі салушы ұсталды, заңсыз айналымнан 10 кг астам психотроптық заттар тәркіленді.