
Анонимді болып қалғысы келген Көкшетау қаласының тұрғыны ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алған полиция қызметкерлеріне шын жүректен ризашылығын білдірді.
"№2 УПП учаскелік полиция инспекторларына полиция аға лейтенанты Мақсат Торсанға жәнен полиция аға лейтенанты Қуат Қажымовқа шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Ағымдағы жылдың 19 қазанында сағат 17:00 шамасында Елемесов көшесі 47-үй мекенжайында олар менің өтінішіме жедел жауап беріп, қатты ұйықтап, есікті ашпаған жұбайымның өмірін сақтап қалды.
Пәтерге кірген инспекторлар газ плитасының оттықтарын сөндірді. Бөлмеде газдың қатты иісі сезілді. Қызметкерлер уақытында үлгермеген жағдайда, қайғылы салдар болуы мүмкін еді", - деді қала тұрғыны.
Учаскелік инспекторлардың айтуынша, әйел кіреберістің есігінде көрсетілген қызмет нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнына келу үшін не бәрі шамамен бес минут қажет болды.
Есіктің тарсылына ешкім жауап бермегеннен кейін, және де пәтерден газдың өткір иісі шыққан кезде, полицейлер көршіден кішкене сүймен алып, есікті ашу туралы шешім қабылдады.
«Пәтерге кіргенде, ер адам ұйықтап жатқан болып шықты, ал ас үйде екі оттық ашылған, олардан газ шықты. Әрине бұл қорқынышты болды, себебі газды болжау мүмкін емес. Бірақ біз шешуші әрекетті қажет ететінін түсіндік", - деп бөлісті полиция қызметкерлері.
Полицейлер тұрғынның анонимді болғысы келсе де, оларға көпшілік алдында алғыс айтуды шешкеніне қуанышты.
Мұндай әңгімелер қырағылық, жеделдік және адамның құқық қорғау органдарының жұмысына қатысуы қаншалықты маңызды екенін еске салады.