
Ақмола полицейлері мүліктік қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жалғастыруда және азаматтарға еңбек міндеттерін адал атқарудың және кәсіпорындардың мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салады.
Мәселен, 23 қазанда Степногорск қаласының полиция басқармасына кәсіпорындардың бірінің өкілінің дизель отынын ысырап ету мүмкіндігі туралы өтініші келіп түсті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2022 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың қазаны аралығында белгісіз адамдар 4 мың 780 литр мөлшерінде отынды иемденіп алған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қатысы бар адам анықталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.