Ақмола облысында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ақмола облысында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 21-23 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Өткен кезеңде полицейлер 300-ге жуық әкімшілік бұзушылықты анықтады. Көбінесе бұл қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу, тіркеудің және жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз түнде көшеде болуы.
Бұл ретте полицейлердің басты назары алдын алуға бағытталған.
Азаматтармен түсіндірме әңгімелер өткізіледі, заңнама нормалары және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік еске салынады. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ анықталған адамдарды орналастыруға және құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетіледі.
Профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.