2025 жылғы 18 қазанда сағат 23:30 шамасында Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылында патрульдік полиция қызметкерлері Geely маркалы автокөлікті көрді, оның жүргізушісі тоқтау туралы заңды талапты елемей, жасырынуға тырысты.
Қысқа қуудан кейін көлік сәтті тоқтатылды. Жүргізуші алкогольдің өткір иісі шыққан 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамға медициналық тексеруден өту үшін қызметтік көлікке баруды ұсынды, бірақ ол заңды талаптарды орындаудан бас тартып, агрессивті әрекет ете бастады.
Ұстау барысында жүргізуші: автокөліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін жұлып алып, оны тұрғын үйдің төбесіне лақтырып жіберді, белсенді қарсылық көрсетті, нәтижесінде полиция аға лейтенанты атағындағы полицейдің нысанды киім-кешегінен погонды жұлып алды. Сонымен қатар, ол патрульдік көліктің артқы бамперін теуіп, механикалық зақым келтірді.
Ұсталғаннан кейін құқық бұзушы Ақмол ауылының наркологиялық орталығына жеткізілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша оның денесінде 2,44 промилле алкоголь анықталды, бұл алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесіне сәйкес келеді.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (зорлық-зомбылық қолданумен, құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау).