Көкшетауда полицейлер 38 жастағы ер адамды ұстады, одан есірткі мен діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары оның есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екендігі туралы ақпаратты тексеру аясында жүргізілді. Полиция қызметкерлері ұсталған адамды жеке тінту кезінде екі гашиш түйіншекті тапты.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 200 грамм марихуана мен діни әдебиеттер салынған байлам тәркіленді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарының бірінде орналасқан күдіктінің ата-анасының үйін тексеру кезінде жедел уәкілдер 3,5 килограмм марихуана салынған сөмкені тапты.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес, ұстау кезінде ер адам есірткіден мас болған.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 — бабы 4-бөлігі - «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы - «Есірткі құралдарын пайдалану» бойынша әкімшілік материал жасалды.