
13 қазанда Ақмола облысының аумағында басталған «Заңсыз келуші-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуына тексеру жүргізеді.
Мәселен, 14 қазанда Бұланды ауданының Макинск қаласында полицейлер жылу оқшаулау зауытының аумағында кәсіпорында жұмысшы ретінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған алыс шет елдерден 5 азаматты анықтады.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 518 және 519-баптары бойынша заңсыз жұмысқа орналасуға жол бергендер жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, ЖАІШ аясында 11 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды, жетеуінің болу мерзімін қысқартты.
«Заңсыз келуші-2025» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау.