Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында Көкшетауда бір жарым жасар баланың өмірі құтқарылды

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында Көкшетауда бір жарым жасар баланың өмірі құтқарылды

Қала тұрғыны С.В. Власов Instagram әлеуметтік желісінде Ақмола облысының полиция қызметкерлеріне бір жарым жасар немересінің өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. Төтенше жағдай 27 қыркүйекте таңертең Сүлейменов көшесіндегі «Юна» жанармай құю бекетінің жанында болды.
«Ақмола облысының полиция департаментіне, сондай - ақ борттық нөмірі 213-Есен мен Асхат атты автопатруль қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Кеше сағат 10: 00 шамасында немерем Артем тұншығып, оның өміріне қауіп төнді. Ойланбастан полицейлер біздің өтінішімізге жауап беріп, баланы ауруханаға жылдам жеткізді. Олардың үйлесімді әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында баланың өмірі сақталды», - деп жазды Власов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты және денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері полиция аға лейтенанты А.Еркашев оқиға туралы айтып берді. Оқиға болған күні ол полиция аға сержанты Есен Сапармен бірге қызмет атқарды. «Юна» жанармай құю станциясының маңында полиция кенеттен жолға тоқтаған Volkswagen Passat көлігін байқады.
«... Қарт адам, көлік жүргізушісі салонда тұншыға бастаған немересі бар екенін айтты. Біз бірден әйел мен баланы патрульдік көлікке ауыстыру туралы шешім қабылдадық және облыстық балалар ауруханасына қарай жылжыдық. 5-7 минуттан кейін бала дәрігерлерге берілді...",- деді аға лейтенант Еркашев.
...Ол баланы ауруханаға жеткізгеннен кейін патрульшілер дереу қызметтік міндеттерін орындауға оралуға мәжбүр болғанын және тіпті анасының байланыс нөмірін білуге уақыт болмағанын атап өтті.
«...Біз өз жұмысымызды жасадық, бірақ қатты уайымдадық. Баланың есімі Артем екені ғана есімізде қалды. Кейінірек біз оның жағдайы туралы білу үшін облыстық балалар ауруханасына хабарласуға тырыстық, алайда байланыса алмадық. Барлығы сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз...",- деп қосты полицей.
Соңында С. Власов полиция департаментінің басшылығына ерекше көзге түскен қызметкерлерді атап өту туралы өтінішпен жүгінді: "біз қызметке деген қамқорлық пен адалдықты сезіндік. Мұндай әрекеттер полицияға деген сенімді нығайтады және назардан тыс қалмайды. Алғысымыз шексіз!»