12-14 қыркүйек аралығында Ақмола облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның аясында полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша шараларды күшейтті.
Мәселен, Бурабай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның атына несие заңсыз рәсімделгені туралы өтінішпен жүгінді.
Жедел-тергеу іс-шаралар барысында Щучинск қаласында танысында қонақта бола тұрып әйел оның телефонын пайдаланып, банктің мобильді қосымшасы арқылы 1 млн 442 мың теңге сомасына несие рәсімдегені анықталды. Полиция қызметкерлері қаскүнемді ЖПІШ барысында ұстады.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген үш күн ішінде 25 қылмыс ашылып, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 11 адам ұсталды.
Полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алуға да, құқықтық тәртіпті нығайтуға да назар аудара отырып, азаматтардың аулаларын, көшелерді, сауда нүктелерін және жаппай болатын орындарын тексерді.