Ағымдағы жылдың 15 және 16 қыркүйегінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы мен Сандықтау ауданының тұрғындарынан өтініш келіп түсті.
Жәбірленушілердің айтуынша, қала көшелерінде 20-25 жас аралығындағы белгісіз жас жігіт "қоңырау шалу" туралы өтініш білдіріп, олардың "Samsung" маркалы ұялы телефондарын иемденіп, қашып кеткен. Бір жағдайда залал сомасы 200 мың теңгені, екіншісінде — 105 мың теңгені құрады.
Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Көшедегі қылмыстың алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда қосымша рейдтер жүргізеді, кешкі уақытта патрульдеуді күшейтеді, сондай-ақ азаматтарға: жеке заттарын бейтаныс адамдарға бермеуді, тәуліктің қараңғы мезгілінде сақ болуды, кез келген құқыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері кезінде дереу полицияға жүгінуді еске салады.
Ұқыптылық пен сақтық алаяқтар мен қарақшылардың құрбаны болмауға көмектеседі.