«Қауіпсіз жол» операциясы: Ақмола облысында ЖҚЕ 600-ге жуық бұзушылығы анықталды

«Қауіпсіз жол» операциясы: Ақмола облысында ЖҚЕ 600-ге жуық бұзушылығы анықталды

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап өңір аумағында жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖКО алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізілуде. Акцияны өткізудің алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің 600-ге жуық бұзушылығын, оның ішінде мас күйінде көлікті басқарудың 6 фактісін анықтады.
Степногорск қаласында Ресейлік нөмірлік белгісімен Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісін ұстау ерекше жағдайлардың бірі болды. Автокөлікті «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында патрульдік полицейлер тоқтатты. Көлікті басқарған қала тұрғыны болып шықты, ол мас күйінде болғаны анықталды.
Сонымен қатар, құқық бұзушының жүргізуші куәлігі мен осы көлікті басқаруға рұқсат құжаттары болмаған. Оның айтуынша, ол көлікті таныстарынан «сақтау үшін» алған, бірақ оны иесінің келісімінсіз пайдалануға шешім қабылдаған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (КҚ мас күйінде басқару) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, оның санкциясы 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыруды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды көздейді.
Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Ақмола облысының полициясы еске салады: мас күйінде көлік құралын басқару - қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін, бұл ЖҚЕ ең ауыр және қауіпті бұзушылықтарының бірі.