Ақмола полицейлері Рэкс қызметтік итімен бірлесіп студенттік жатақханаларда профилактикалық рейд жүргізді

Ақмола полицейлері Рэкс қызметтік итімен бірлесіп студенттік жатақханаларда профилактикалық рейд жүргізді

Жаңа оқу жылының басталуымен Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әкімшілігімен бірлесіп студенттік жатақханаларда профилактикалық рейд жүргізуде.
2025 жылы университетке Қазақстанның әр өңірінен 800-ге жуық студент оқуға түсті. Есірткі полицейлері олар үшін кездесу өткізіп, оның барысында есірткі және психотроптық заттарды қолдануға жол бермеу туралы еске салды, оларды қолданудың зиянды салдары, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтты.
Конологтардың жұмысына ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері Макс есімді қызметтік-іздестіру итінің мүмкіндіктерін көрсетті, ол бірнеше минут ішінде студенттер жасырған есірткі затына еліктегішті тапты.
Балалар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, сауатты жауаптар алды. Бөлмелерді аралау барысында күдікті заттар табылған жоқ.
Кездесуді қорытындылай келе, полицейлер студенттерді салауатты өмір салтына, оқуда табысқа жетуге және шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруға шақырды.