Ақмола облысында мал сату кезінде алаяқтық тіркелді

Ақмола облысында мал сату кезінде алаяқтық тіркелді

Полиция департаменті қымбат мүлікті (мал, автомобильдер, жылжымайтын мүлік) сатып алу кезінде әрдайым меншік құқығын тексеруді ЕСКЕРТЕДІ, бейтаныс адамдарға, әсіресе телефон қоңыраулары немесе интернет-хабарландырулар негізінде үлкен соманы аудармаңыз. Есіңізде болсын: алаяқтар сенімділікпен пайдаланады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Ақмола облысы ПД полиция бөлімдерінің біріне елорда тұрғынынан отбасының 5 млн.850 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын белгісіз біреу алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтініш келіп түсті.

Жәбірленушілердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 тамызында өтініш берушінің жұбайына «WhatsApp» қосымшасы арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін сатушы ретінде таныстырып, 15 жылқы сатып алуды ұсынды.

Ер адам малды тексеру үшін ауылға шықты. Бұл жерде оған жылқылармен қаша көрсетілді, бірақ қаскүнемжануарлардың иесіоның туысы екенін түсіндіріп, сатып алушыныонымен байланысқа түспеуге көндірді.

Жылқыларды көргеннен кейін жәбірленуші жалған сатушының банктік шотына 1 млн.850 мың теңге алдын-ала төлем аударды, ал кейінірек оның жұбайы қалған соманы қосымша аударды.

Алайда, келесі күні жануарларды алып кетуге тырысқанда, қашаның нағыз иесі жануарлардың оған тиесілі екенін және сатылымға шығарылмағанын айтты. Осы сәттен бастап алаяқ байланысқа шығуды тоқтатты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзіңізді алаяқтықтан қорғау үшін әрқашан сатушыны тексеріңіз-қоңырау шалыңыз, деректерді нақтылаңыз, жеке кездесуді талап етіңіз. Сатып алу және банктік қызмет көрсету үшін ресми сайттар мен қолданбаларды пайдаланыңыз.