1 қыркүйек - ерекше күн, жылылық пен жарқын үміттерге, жаңа бастамаларға толы. Бұл күн оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар үшін жаңа оқу жылының басталуының символы болып табылады - жаңа білім ашылулар, өсу мен достармен кездесу уақыты. Осы күні ересектердің назар аударуы мен қолдауы өте маңызды - ал осындай қамқорлықты дәстүр бойынша полиция қызметкерлері көрсетуде.
Ақмола облысы Полиция департаментінің басшылығы Көкшетау қаласындағы № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Білім күніне арналған салтанатты жиынға департамент қызметкерлері, соның ішінде бастығы Нұрсұлтан Мукашев қатысты. Ол бүгін өміріндегі алғашқы мектеп қоңырауы шалынған бірінші сынып оқушыларын жеке құттықтап, балаларға естелік сыйлықтар табыс етті. Балаларды әсіресе 03 өңірінің символикасы бар сувенирлік патрульдік көліктер қуантты.
«Бүгіннен бастап сіздердің алдарыңызда жаңа білім мен мүмкіндіктер ашылады. Сіздерге төзімділік, қызығушылық және зор табыс тілеймін. Ұстаздарға ерекше алғыс - олардың адал әрі күрделі еңбегі үшін», - деп атап өтті облыс полициясының басшысы.
Мектеп-интернат директоры Алтын Сексембаевна Мустафинова полиция басшылығына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтып, көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығы мен жемісін ерекше атап өтті.
«Назар аударыңыз- Балалар!» республикалық акциясы аясында өңір полицейлері оқушыларды құттықтаумен қатар, облыстың барлық мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оқу жылының алғашқы күндерінде олар жол қозғалысы ережелері бойынша ашық сабақтар мен әңгімелер өткізіп, балаларға жолда абай болудың маңыздылығын еске салады.