2025 жылғы 23 тамызда Көкшетауда бірегей спорттық мереке — еліміздегі жалғыз «Көкшетау жалындары» түнгі жартылай марафоны өтті. Биылғы жылы іс-шара екінші рет өткізіліп, Көкшетау, Астана, Қарағанды және Қостанайдан 1000-нан астам қатысушы жиналды.
Түнгі формат қатысушыларға ерекше атмосфера сыйлады: күн батқаннан кейін бастау, қаланың әсем көріністері, жарықтандырылған көшелер және жанкүйерлердің қолдауы ұмытылмас әсер қалдырды.
«Жартылай марафон тек спорттық жарыс емес, спорт пен бірліктің нағыз мерекесі. Біз қаламыздың сұлулығын жаңа қырынан көрсете алғанымызға және көптеген жүгіру әуесқойларын жинай алғанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Спорт басқармасының басшысы Ардақ Болатұлы Төлендин.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтті және спорттың біріктіруші күшінің жарқын үлгісі болды.
Жарыс аясында нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараны құқық тәртібін қорғауды да, халық арасында есірткіні тұтынудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де қамтамасыз еткен полиция қызметкерлері қолдады.
Ұйымдастырушылар жартылай марафонның басты мақсаты — белсенді бос уақытты насихаттау, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және азаматтарды спортқа тарту екенін атап өтті.
Мереке Ақмола облысы әкімдігінің, полицияның және серіктестер мен демеушілердің қолдауымен: "Aqua Burabay", "Гормолзавод", спорттық киімдер мен аксессуарлар дүкендерінің, «Discovery» кофеханасының, ЮНИФЕС еріктілерінің және басқа да ұйымдардың көмегімен өтті.
Барлық санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, кубоктар, ақшалай және бағалы сыйлықтар алды. Мәреге жеткен әр қатысушы естелік медалімен марапатталды.
Ұйымдастырушылар «Көкшетау жалындары» жартылай марафонын жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға және қаланың визит карточкасына айналдыруды жоспарлап отыр.