Ақмола облысында автокөліктерден жасалған ұрлықтар ашылды

Ақмола облысында автокөліктерден жасалған ұрлықтар ашылды

Бұрын жасалған қылмыстардың ашылуы Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Полицейлер ұрлыққа және басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Ер адам 16-17 шілде аралығында белгісіз адам үйдің ауласында тұрған "Volkswagen Passat" маркалы көлігінің құлпын бұзып, құралдарды ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел іс – шаралар барысында уақытша жұмыс істемейтін, бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған күдікті-Көкшетау тұрғыны анықталды.
Сондай-ақ, Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты: ағымдағы жылдың 25 мамырында "Skoda Superb" маркалы автокөліктен құны 400 мың теңге тұратын iPhone 14 ұялы телефоны ұрланған. Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны анықталды. Заттай дәлел тәркіленді.
Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Полицейлер автокөлік иелерін жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуға шақырады. Көлік салонында құнды заттарды қалдырмаңыз, қауіпсіздік жүйелерін орнатыңыз және көлікті жарықтандырылған жерлерде қойыңыз. Бұл қарапайым шаралар ұрлықтың алдын алуға көмектеседі.