Ақмола есірткі полицейлері «Салауатты сана – салауатты ұрпақ»облыстық семинарына қатысты

Ақмола есірткі полицейлері «Салауатты сана – салауатты ұрпақ»облыстық семинарына қатысты

Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Салауатты сана – салауатты ұрпақ» атты облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына Аналар кеңесінің төрағалары мен белсенді мүшелері, білім беру мекемелерінің психолог мамандары, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
ҚХА-ның республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай құттықтау сөз сөйлеп, жаман әдеттерге тәуелділік ұлттың дамуы мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін тежейтін қоғамның күрделі проблемасы болып табылатынын атап өтті. Ол азаматтардың осындай жағымсыз құбылыстарға бітіспес көзқарасын қалыптастыру және олардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Ақмола облысы полиция департаментінің атынан семинарға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі қатысты, ол мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардағы әріптестерімен бірлесіп есірткі тұтынудың алдын алу шараларын, проблеманы бірлесіп шешу жолдарын және қоғамда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жөніндегі міндеттерді талқылады.
Іс-шара барысында психолог және психотерапевт Серікгүл Сали жастар арасында тәуелді мінез-құлықтың алдын алу бойынша тренинг өткізді.
Семинар қорытындысы бойынша Аналар кеңесінің белсенді мүшелері қоғамның дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.