Өскеменде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең белсенді және жауапты оқушыларды, сондай – ақ Қырғызстаннан келген қонақтарды біріктірген 2025 жылғы жас қозғалыс инспекторларының 20-мерейтойлық республикалық слеті аяқталды.
10 күн бойы жас инспекторлар мастер-класстарға, конкурстарға қатысып, командалық жұмыс дағдыларын игерді, жолдардағы жауапкершілік пен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйренді.
Ақмола облысы өңірді республикалық деңгейде абыроймен таныстырып, дайындық пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Команда нәтижелері әсерлі: жалпы командалық есепте II орын; «Жас санитарлар» байқауында I орын; Руслан Калижанов — автоқалашықта велосипед жүргізу бойынша жарыстарда 1-орын; Мансұр Тұлғабек - «Эрудит» зияткерлік байқауында 2 орын; Жанель Ерғалиева — «ЖЖҚ білгірлері» байқауында 2-орын; Галина Васильевна Генш -«Ашық үзіліс» педагогтар байқауында 3-орын; кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Назира Каппасқызы Турсимбаева — «Үздік пресс-релиз» байқауында 3-орын.
Осыған орай, Ақмола облысы ПД ЖПҚБ жеке құрамы басқарма бастығы полиция полковнигі Бауыржан Хантемировтың басшылығымен слет қатысушыларының жылы кездесуін ұйымдастырды. Ата-аналар мен мұғалімдер мектепте жиналып, жас инспекторларға «Динамо» ДСҚ естелік сыйлықтар табысталды. Басшылық балалар жоғары деңгейдегі білім мен бірлікті көрсете отырып, өңірді абыроймен таныстырғанын атап өтті. Полковник Хантемиров болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін барлық қатысушыларға, мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді.
Ақмола облысы командасының қатысушысы Даяна Жұмабекова өз әсерлерімен бөлісті: «Бастапқыда әрине толқу болды. Командалар бір-бірімен бәсекелес болғандықтан, бәрі қиын болатын сияқты... Бірақ жарыстарда да достасуға болады екен! Осындай қолдау болған кезде байқаулардан өту қызықты және өте оңай болды!».
Көкшетау қаласының "ЭКОС" №13 мектеп-гимназиясының КММ директоры Айшолпан Қыдырбайқызы Самбаева Ақмола облысы полиция департаментінің басшылығына осындай маңызды және ауқымды іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.