Ақмола есірткі күрескерлері есірткі заттарын өткізу фактілерінің жолын кесу және оларды таратушыларды ұстау бойынша жоспарлы және тиімді жұмысты жалғастыуда.
"Қарасора – 2025" жедел - профилактикалық іс-шарасы аясында өңірдің есірткі күрескерлері елордаға мефедронның 11 000 дозадан астам дозасын әкелуге жол бермеді: полицейлер есірткі салушыны Аршалы ауданының аумағында ұсталды. Жедел уәкілдердің айтуынша, Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны бірнеше ай бойы жеке такси жүргізушісі мен есірткі салушының жұмысын қоса атқарған. Ұстау кезінде ПД есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл бөлімшесінің қызметкерлері автокөліктің салонынан 2 кг.2 00 грамм тыйым салынған зат - мефедронды тапты. Айта кету керек, қара нарықта алынған есірткінің бағалау құны – 40 миллион теңгеден асады. Ұсталған адамның өзі қылмыстық іспен шамамен екі апта бұрын айналыса бастағанын түсіндірді, алайда жедел түрде қатысушының «еңбек өтілі» едәуір үлкен екендігі анықталды. Есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Таратушы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.