Ақмола облысында 5510 әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасының мерзімді қызмет сарбаздары үшін ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған квест-ойын өтті.

Ақмола облысында 5510 әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасының мерзімді қызмет сарбаздары үшін ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған квест-ойын өтті.

Іс – шараны «Абай ізімен: Таңдау-өмір» ұранымен Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп "Жастар Рухы" Жастар қанаты ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевқа құрмет көрсету, оның рухани тазалық, ақыл-ой күші және адами жамандықтармен күресу туралы өсиеттері қазіргі заманғы есірткіге қарсы профилактикада да өзекті болып қала беретінін көрсету.

Ойын түріндегі станцияларда қатысушылар зияткерлікті дамытуға, командалық өзара әрекеттесуге және зиянды әдеттер мен нашақорлықтың алдын алуды қоса алғанда, қазіргі заманның өзекті мәселелерін түсінуге бағытталған тапсырмаларды орындады.

Жеңімпаздар полициядан бағалы сыйлықтар алды. Кездесу соңында есірткі полицейі әскери қызметшілерді заңға бағынуға және құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырды, ал "Жастар Рухы" өкілдері Абай өсиеттері бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала беретінін, жастарға өмірде дұрыс таңдау жасауға көмектесетінін атап өтті.