Көкшетауда полицейлер ірі пәтер ұрлығын ашты. Гастрольдік ұры жергілікті тұрғынның үйінен 20 миллион теңге ұрлап кеткен.

Көкшетауда полицейлер ірі пәтер ұрлығын ашты. Гастрольдік ұры жергілікті тұрғынның үйінен 20 миллион теңге ұрлап кеткен.

Ақмола облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлерімен ірі пәтер ұрлығы ашылды. Қылмыс ағымдағы жылдың 28 шілдеде Көкшетау қаласында орын алды. 69 жастағы жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел оның жеке үйіне кіріп, 1 700 000 теңге және 2 800 000 ресей рубль ақша ұрлаған. Залалдың жалпы сомасы шамамен 20 миллион 700 мың теңгені құрады.
Осы қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау үшін арнайы топтар құрылып, еліміздің бірнеше облысында жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Түркістан қаласында полицейлер 41 жастағы күдіктіні анықтады. Тінту іс – шараларын жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер-жәбірленушіге тиесілі ақшалай қаражат тәркіленді.
Тергеу кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.