Ақмола облысының полицейлері заңсыз балалар лагерінің қызметі жөнінде істі тергеп жатыр

Ақмола облысының полицейлері заңсыз балалар лагерінің қызметі жөнінде істі тергеп жатыр

Ақмола полицейлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген балалар лагерінің заңсыз қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Целиноград ауданының полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде балалар лагері ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті, оның қызметі уәкілетті органдармен келісілмеген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері болжамды ұйымдастырушының  Астана қаласының 40 жастағы тұрғынының жеке басын анықтады. Оның құқыққа қарсы қызметке қатысуы анықталуда.

Полиция ата-аналарға еске салады: баланы сауықтыру лагеріне жібермес бұрын, мекеменің тиісті құжаттары бар екеніне көз жеткізу қажет.

Сонымен қатар, азаматтардан қырағы болуды және полицияға балаларға тиісті ресімдеусіз демалыс қызметін ұсынатын кез келген күдікті мекемелер туралы хабарлауды сұрайды. Заңсыз лагерьлер заңды бұзып қана қоймай, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.