
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде облыстың аудандық полиция бөлімдерінің біріне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Әйел белгісіз адам инвестициялау сылтауымен алаяқтық жолмен 6 млн. теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.
Осыдан бұрын TikTok әлеуметтік желісіндегі бейнелерді қарап отырып, жәбірленуші «жылдам табыс» жарнамасын көріп, телефон нөмірін қалдырды. Біраз уақыттан кейін оған өзін инвестициялық компанияның қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, «Industrial-Trading» онлайн-платформасында тіркелуге көндірді.
Қаскүнемнің басшылығымен жәбірленуші өзінің жеке деректерін көрсетіп, банк карталарын байлап, жалпы сомасы 6 млн. теңгеден астам бірнеше несие ресімдеді.
Алаяқтың нұсқауы бойынша алынған қаражатты ол әртүрлі жеке кәсіпкерлердің шоттарына аударған. Кейіннен алаяқтармен байланыс үзіліп, әйел үлкен несиелік қарызбен қапы қалды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция департаменті ескертеді: интернеттегі «оңай табыс» уәделеріне сенбеңіз. Белгісіз тұлғаларға жеке деректеріңізді, логиндеріңізді, парольдеріңізді және банк карталарының деректерін бермеңіз.
Басқа біреудің нұсқауы бойынша несие немесе аударым жасамаңыз.
Ақша аудармас бұрын кез-келген инвестициялық платформаны тексеріп, мамандармен кеңесіңіз.
Жинақ ақшаңызды сақтаңыз және интернет-алаяқтықтың құрбаны болмаңыз.