Үш қыз зардап шеккен оқиға өткен демалыс күндері Бурабай курорттық аймағының аумағында болды. Астана қаласының тұрғындары электросамокатты жалға алып, велосипед жолымен жүріп келе жатқанда көлік құралынан құлап кеткені анықталды. Үш қыз түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.
Тексеріс барысында полицейлер электросамокаттың иесін анықтап, алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету). Сараптама тағайындалды.
Сонымен қатар, полиция азаматтардан электросамокаттарды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, бұл апаттар мен жарақат алу қаупін азайтады. Атап айтқанда, қорғаныс құралдарын қолдану керек: дулыға, шынтақ, тізе жастықшалары, ал түнде шағылыстыратын элементтер қажет.
Сапар алдында электросамокаттың техникалық жағдайын тексеріп, жүру кезінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтау керек.