
Жағымсыз оқиға Астана қаласының тұрғынымен Бурабайдағы орталық жағажайда демалу кезінде болған. 35 жастағы әйел мүліктік қылмыстың құрбаны болды: белгісіз оған тиесілі зергерлік бұйымдар мен қымбат "Iphone 16" смартфонын ұрлап кеткен. Жәбірленуші залалды 1 850 000 теңгеге бағалады.
Жоғалып кеткені анықталғаннан кейін бірден астаналық әйел полицейге не болғанын айтып берді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрлық жасауға қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады, қазіргі уақытта тексерілуде. Тергеу жалғасуда.
Полиция қызметкерлері азаматтардан демалыс кезінде жеке заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды